_________________________________
📆Тек 25 және 26 тамызда!
🏞️Астана, Этноауыл
10.00-22.00
«Қазақстан – ұлы дала елі» республикалық көрмесі
_________________________________
Олардың музыкасын өзгелер әлдеқашан бас иіп, мойындап қойған.
Өйткені түркілер атой салған көне заман сарынының лебі еседі.
Олар музыка әлемінде өздерінің «нео-этно-фолк» ағымын қалыптастырды.
Бұл – ARKAIYM тобы!
Топтың солисі Анар – көмеймен орындау шеберлігін меңгерген
Қазақстандағы жалғыз қыз. Топ мүшесі әрі продюсері Абзалмен бірге тар
құрсауды сындырып, түрлі стильдерді араластыра отырып, өзара кіріктіруге
тырысты. Рок пен джазға жақындық, көмеймен орындалар туындыларға
құмарлық және фольклорлық-музыкалық аспаптарға сүйіспеншіліктің
арқасында жаңа музыкалық ағым пайда болды.
Осындай өнерпаз жастармен танысқыңыз келе ме?
Ендеше сіздерді «Қазақстан – ұлы дала елі» республикалық көрмесінің кешкі
концертінде күтеміз!